Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1 пайыз болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық тармаққа 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.
Шешім базалық мөлшерлеме деңгейі туралы алдыңғы шешімдер қабылдау кезінде белгіленген проинфляциялық тәуекелдердің, оның ішінде айырбастау бағамының ауытқуы арқылы инфляцияға ықпал етуі, күшеюімен байланысты болды.
Ұлттық Банк болжанатын инфляция серпіні бойынша 2019 жылғы дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 6 пайызға жақын болады деген бағалауын сақтап отыр және инфляциялық күтулердегі сыртқы факторлардан туындаған белгісіздіктің өсуіне көңіл бөлуде. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалатын болады. Ақша-кредит операцияларының операциялық тиімділігін арттыру үшін пайыздық дәліз шектерін тарылту қажеттілігі қарастырылады.
Инфляциялық ағымдағы кезде қалыпты болып сипатталады. Жылдық инфляция қыркүйекте 6,1 пайыз деңгейінде қалыптасты. Жеміс-көкөніс өнімдері ұсынысының жоғары болуы аясында олардың маусымдық арзандауына қарамастан, нарықтарда қанттың, жармалардың, нан-тоқаш өнімдерінің, жұмыртқаның, тауық етінің қымбаттауы азық-түлік инфляциясының тамыздағы 5,1 пайыздан қыркүйекте 5,7 пайызға дейін көтерілуіне әкеп соқты. Азық-түлікке жатпайтын құрауыш жанар-жағар май материалдары бағасының төмендеуі, сондай-ақ қалған азық-түлікке жатпайтын тауарлардың және халыққа көрсетілетін ақылы қызметтің қалыпты баға серпіні аясында қатты отынның қымбаттауы ықпалында болды.
Өнеркәсіп өндірісіндегі дайын тұтынушылық тауарлар бағасының өсуі қалыпты болып қалды. Соған қарамастан, өңдеу өнеркәсібінде сақталып отырған бағаның жоғары өсуі 6-12 айға дейін шекте тұтыну инфляциясына қысым жасайтын болады. Ұлттық Банктің бағалауы бойынша ағымдағы жылы инфляция 5-7 пайыз нысаналы дәліз ішінде қалыптасса, ал 2019 жылы жоғары шегіне жақындай отырып, біртіндеп 4-6 пайыздық жаңа дәлізге енетін болады.
Тамыз, қыркүйек айларында айырбастау бағамының жоғары құбылмалылығы аясында инфляциялық күтулердің өсуі байқалды. Бұл олардың қысқа мерзімді кезеңдегі орнықсыз сипатын растайды. Ішкі сұраныс халықтың нақты кірістерінің және тұтынушылық мақсаттарға кредиттер көлемінің өсуі салдарынан кеңеюін жалғастырды. Орта мерзімді кезеңде халықтың кірістерінің өсуі экономикаға проинфляциялық қысым көрсете отырып, ең төменгі жалақы деңгейінің алдағы өсуімен нығайтылады.
Экономиканың нақты өсуінің оның әлеуетті деңгейінен асуын көрсете отырып, ішкі жалпы өнімнің оң айырмасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың мәні биылғы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 104,8 пайызды құрады. Тау-кен және өңдеуші өнеркәсіп, көлік және сауда өсуге оң үлес қосты. Сыртқы сектордағы ахуал жетекші орталық банктердің, сондай-ақ жекелеген дамушы елдердің орталық банктерінің капиталдың әкетілуіне және олардың ұлттық валюталарының әлсіреуіне жауап ретінде монетарлық талаптарды қатаңдатуымен қатар орын алуда. Сыртқы сектор тарапынан проинфляциялық қысым тәуекелі базалық мөлшерлеме бойынша алдыңғы шешімді қабылдау кезеңімен салыстырғанда сақталып отыр. Тәуекелдің басты факторларының бірі ретінде ағымдағы жылы негізгі сауда-саттық әріптес елдердегі инфляцияның нақты өсуімен қатар, ағымдағы және келесі жылдары оның нысаналы көрсеткіштерден жоғары деңгейге дейін үдемелі өсуін күту болып қалады.
Базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі теңгемен активтерге деген сұраныстың артуына және ақша-кредиттік талаптарды бейтарап деңгейге жақын деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Ақша-кредиттік талаптарды қатаңдату қажеттілігі болжанатын инфляцияның нысаналы дәлізіне сәйкес келуімен айқындалады. Ақша-кредит операцияларының тиімділігін арттыру үшін Ұлттық Банк алдағы уақытта TONIA таргеттелетін мөлшерлемесінің нысаналы дәліз шегінде, оның ішінде таргеттелетін мөлшерлеменің базалық мөлшерлемеге жақын келуі есебінен қысқа мерзімді болжамының жақсаруын қажет деп санайды.
Махамбет МАДЕНОВ,
Ұлттық Банкі Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекші маман-экономисі.