Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУДАН ҚАЛЫС ҚАЛМАЙЫҚ!

Бүгін аудандық «Қазпошта» байланыс торабында баспасөзге жазылу науқанының басталуына байланысты мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған мекеме қызметкерлері мен газет оқырмандары қатысты.

Шараны ашқан аудандық «Қазпошта» байланыс торабының бастығы Сәндібек Өтешов:

– 9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні болса, биыл «Қазпоштаға» 30 жыл толып отыр. Бұған қоса қазан айынан бастап баспасөзге жазылу науқаны басталды. Бүгінгі шараға баспасөзге алғаш болып жазылған Миялы ауылының тұрғындары Қонысбай Әден мен Есболат Қабиев ағаларымыз арнайы шақырылды. Бұл азаматтар жыл сайын алғашқылардың бірі болып өздері қалаған газет-журналдарға жазылып келеді. Газет – рухани азық. Оның қоғамдағы орнын теледидар да, радио да, интернетте те толықтыра алмайды. Сондықтан да баршаңызды баспасөзге жазылып, рухани азық алуға шақырамын, - деді.

Одан соң аталмыш азаматтарға ұжым атынан естелік сыйлық табыс етті. Өз кезегінде тілегін білдірген Қонысбай Әден пошта қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, өзінің жыл сайын газет-журналға, соның ішінде аудандық «Қызылқоға» газетіне бір жылға жазылатынын тілге тиек етті.

Ендеше, «Газет – халықтың көзі, һәм құлағы» десек баспасөз науқанынан қалыс қалмау барша оқырманның мұқалмас парызы. Бұл ретте, аудан айнасы, жаңалықтың жаршысы бола білген төл басылымдарыңыз – «Қызылқоға» газетіне жазылуды ұмытпайық!

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521