Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ПІКІРТАЛАСЫ

25 қазан – Республика күніне орай «Арман» мәдениет үйінде аудан жастары арасында «Qyzylqoga cup» пікірталас турнирі өтті.

Ондағы мақсат – заман талабының сұранысына сай санасы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру, дебат ойындарының қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін айқындауға мүмкіндік беру, шешендік өнер мен көпшілік алдында сөйлеу мәдениетті қалыптасқан талантты жастарды анықтау.
Шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Жарас Есенғалиев ашып, туринирге қатысушыларға сәттілік тіледі. Негізінен бұл турнир барлық ауылдық округте өтіп, аудандық кезеңге ең үздіктері қатысты. Нәтижесінде, І орынды Тайсойған ауылдық округінің жастары, ІІ орынды Жангелдин ауылдық округі, ІІІ орынды Жамбыл және Сағыз ауылдық округі жастары иеленіп, арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521