Түркістан облысының тұрғыны Ділмұрат Махаматов Сауд Арабиясында ұсталды. “Салафит ағымын ұстанып, заңсыз миссионерлік бағытта жұмыс істеп жүрген Сарыағаш қаласының тұрғыны Ділмұрат Махаматов ұсталды.
Күдіктіні Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары қамауға алды. "Ол ғаламтор арқылы қазақстандықтар арасында заңсыз насихат жүргізген” делінген аудандық ішкі саясат бөлімінің хабарламасында. Ділмұрат Махаматов желі қолданушылары арасында «Дильмурат Абу Мухаммад» атымен таныс. Ол дінаралық және ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталуда.
«Дүрбі» газеті