Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстан кубогы: «Атырау» ширек финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атырау» футболдан Қазақстан кубогы ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирдің тағы бір кездесуінде «Атырау» мен «Ақтөбе» шеберлік байқасты. Екі команда арасындағы алғашқы ойында 2:2 есебі тіркелген еді. Бүгінгі ойында ойынның негізгі кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталмады.

Ал пенальти сериясында 9:8 есебімен «Атырау» жеңіске жетіп, ширек финалға үшінші жолдамаға қол жеткізді. Еске салсақ, бұдан бұрын «Шахтер» мен «Қызылжар» ширек финалға жолдама алды. Дәл қазір «Ордабасы» мен «Мақтарал» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге 1:0 есебімен Түркістан облысының командасы алда келеді.

Ал 30 сәуірде «Ақсу» мен «Тобыл», «Тұран» мен «Каспий», «Ақжайық» пен «Қайрат», «Қайсар» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз