Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда волейболды отырып ойнаудан ел кубогі өтуде

Ересектер арасындағы параволейболдан жарыс уақыты 17-19 сәуір аралығында болмақ. Оған Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Астана, Тараз қалаларынан келген командалар бақ сынасады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кубоктың ресми ашылуына облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының м.а. Нұрбол Сыдықов қатысып, спортшыларға қолдау беріп, лебізін жеткізді. Сонымен қатар спорт ардагерлері мен түрлі спорттық мекемелер мен мектептердің басшылары қатысты.

Доданың мақсаты — маусымда Қытайда өтетін Азия чемпионатына іріктеу жүргізу. Кубоктың бірінші туры өңірде өтіп жатса, екінші кезеңі қазанда Астанада өтпек.

- Биылға үлкен мақсаттарымыздың бірі — Азия чемпионаты мен АҚШ-та өтетін әлем кубогына үлкен дайындықпен қатысу. Сайыста Атыраудан екі команда бақ сынауда, бұл — аймақта параволейбол спортының дамығанын көрсетеді. Жалпы алғанда сегіз команда ойнайды, - деді Параволейболдан ҚР Ұлттық және облыс құрамасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT