Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

Өзбекстанда самбо күресінен өткен Азия чемпионатында атыраулық спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

Халықаралық дода 13-20 сәуір аралығында Ташкент қаласында өтті. Байрақты бәсекеге Азия елдерінен 500-ге жуық спортшы қатысты. Атырау облысының атынан жарысқа қатысқан Мейрамғали Мейрамбек пен Арайлым Таңатарқызы табысты өнер көрсетті.

Жасөспірімдер санатында сынға түскен Мейрамғали Мейрамбек барлық қарсыласын жеңіп, алтын медаль иеленсе, кіші жасөспірімдер арасында бақ сынаған Арайлым Таңатарқызы қола медальға қол жеткізді.

Жеңіспен елге оралған спортшылар енді Индонезияда өтетін әлем чемпионатына дайындалады.

Айта кетейік, жас спортшылардың халықаралық жарысқа қатысуына Атырау облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы қолдау көрсеткен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT