Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАНҰЗАҚТЫҢ ЖАУЫРЫНЫ ЖЕР ИІСКЕМЕДІ

Таяуда Атырау қаласында «Бәйтерек аясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Наурыз-көктем» атты мәдени-көпшілік іс-шарасы өтті. Аталмыш шара барысында ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар өтіп, оған белсене қатысқан жерлестер жеңіс тұғырынан көріне білді.

Атап айтқанда, қазақ күресінен өткен «Түйе балуан» додасында Жанұзақ Ермағамбетов қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанса, салмағы кіші болса да алыптармен айқаса білген Бекарыс Мұратұлы үшінші орынға қол жеткізді. Сол сияқты асық атудан Дарын Жолдасов екінші, Шерхан Еңсегенұлы үшінші орынды жеңіп алды. Ал, жиырмаға жуық спортшы қатысқан ләңгі тебу ойынында Шерхан Еңсегенұлы бірінші орынды, Болатбек Қуанұлы екінші орынды иеленді. Осылайша ұлттық ойындар ұлықталған дүбірлі додада жерлестер кезекті мәрте аудан абыройын асқақтатып қайтты.

Осы орайда, спортшыларды аталмыш жарысқа дайындап алып барған Қуан Ағашиннің еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT