Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жылыой ауданында өз кәсібін бастау және дамыту мақсатында 350-ден астам тұрғын өтінім тапсырды

22 шілдеден бастап Жылыой ауданында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы — «Таңдау» жобасына өтінім қабылдау басталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бағдарлама қатысушыларға оқыту курсынан өтіп қана қоймай, бизнес бастау немесе кеңейту үшін пайызсыз қайтарымды қаржылай қолдау алуға мүмкіндік береді.

«Таңдау» жобасы аясында ондаған аудан тұрғыны өз кәсібін ашып немесе кеңейтіп үлгерді: шағын кафе мен балалар студияларынан бастап жиһаз цехтары, мини-фермалар, сұлулық салондары, IT қызметтері мен медицина кабинеттеріне дейін.

Жоба іске асқан уақыт ішінде 105 адам оқудан өтіп, олардың 44-і қаржылай қолдауға ие болды. Ішінде 18 стартап пен 23 әлеуметтік осал топ өкілдері бар.
Бағдарлама ең сұранысқа ие бағыттарға — қоғамдық тамақтану, білім беру, денсаулық сақтау және шағын өндіріс салаларына басымдық береді. Бұл салаларда жаңа жұмыс орындары жиі ашылады.

Жобаның басты артықшылығы — тұрақты қаржыландыру моделі: қайтарылған қаражат жаңа қатысушыларды қолдауға қайта жұмсалады. Бұл «Таңдау» жобасының үздіксіз жұмыс істеуіне және көбірек адамға көмектесуіне жол ашпақ. 

Қатысушылар бизнес стратегиясын жасау, маркетинг негіздері, қаржыны басқару және өз идеясын дұрыс таныстыру секілді қажетті дағдыларды игереді. Бұл олардың жобаларын сәтті бастап қана қоймай, ұзақ мерзімге есептелген, жүйелі іске айналуына ықпал етеді.

— Жоба екінші жыл қатарынан табысты түрде іске асып келеді. Мақсаты — аудан бойынша жұмыссыздық деңгейін азайту және ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту. Қуантатыны — бағдарламаға жастар белсенді қатысып жатыр, әсіресе, қыз-келіншектер бастамашылдық танытуда. «Таңдау» жобасының жеңімпаздары 2,5-тен 5 миллион теңгеге дейін қаржылай қолдау ала алады, — деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.

Тамыз айында бизнес-идеяларды іріктеу басталады. Қатысушылар оқудан өтіп, қолдауға ие болып, өз табыс тарихын бастау мүмкіндігіне ие болады.

Жоба Еуразия Орталық Азия Қоры (ЕОАҚ) тарапынан, «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен, Жылыой ауданының даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT