Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жыл қорытындысы: "Арнаулы автобаза" атқарылған жұмыстармен бөлісті

Мінежылдың соңы да келіп жетті. Сөйтіп өткен жылды қорытындылайтын уақыт келді. "Арнаулы автобаза" ЖШС директорының орынбасары Есенжан Шауданов "Прикаспийская коммуна" газетіне берген сұхбатында қызмет барысында туындаған қиындықтар, оларды жою жолдары және болашаққа арналған жоспарлар туралы айтып берді.

- Алдымен әңгімені алдағы жоспарлардан бастайын. Біріншіденбұл, әрине, арнайы техниканың, атап айтқанда қоқыс таситын көліктердің санын көбейту. Бұл өндірістік қызмет үшін өте маңызды. Қазіргі уақытта мемлекет қалдықтарды басқару саласын қолдау шеңберінде жеңілдетілген кредиттер береді. Бұл қолдауды біз азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсарту,қоқысты уақтылы шығару үшін пайдаланғымыз келеді, өйткені бұл біздің негізгі жұмысымыз. Өкінішке орай, жаңа жыл қарсаңында да кейбір түйткілді мәселелерді айтпасқа тағы болмас. Бүгінгі таңда қалыптасқан құрылыс орындарында қосымша қоқыс алаңдарын орнату мүмкін емес. Қаланың өсуін және жаңа тұрғын үй кешендерінің көптеп пайда болуын ескере отырыпбұл мәселе одан да өзекті болып отыр. Өкінішке орай, кейбір жобалаушылар өз жобаларында қоқыс алаңының болуын ескермейді, - дейді ол. 

dsc 5848

- Екінші мәселе  жеке сектордағы қоқыстарды жинау, онда бастапқыда егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында қоқыс алаңдарын орнату үшін орын қарастырылмаған, - деп жалғастырды спикер. - Мұндай аудандарда "бестарый метод"деп аталатын әдіс қолданылады. Бұл кезде арнайы техника (қоқыс таситын көлік емес), көбінесе арба сүйреген трактор немесе самосвал әр үйге келіптұрғын өзі орнатқан контейнерден қоқысты алады. Көбінесебұл – бөшкелер, ескі тоңазытқыштар, контейнерлер. Сонымен қатар, бұл әдіс көп уақытты қажет етеді, мұндай контейнерлердің өзі көшенің, қаланың келбетін бұзады. Сондықтан бұл мәселе қаланың көзге көрікті болып көрінуі және қоқыстың тезірек шығарылуы үшін шешілуі керек. Осыған байланысты, барлық тиісті ұйымдарға, қалалық сәулет бөліміне қоқыс алаңының көлемін және оның орналасқан жерін бейінді компаниямен келісу қажеттігі туралы айтқым келеді. Өйткені, қоқыс алаңы да міндетті инфрақұрылым бөлігі болып табылады. Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! "Арнаулы автобаза" ЖШС баршаңызды Жаңа жылмен құттықтайды! Сізге бақыт, сәттілік және межелеген міндеттер мен мақсаттардың орындалуын тілейді! 2025 жыл сіз үшін және сіздің жақындарыңыз үшін жемісті жыл болсын! Атырауды таза қалаға айналдырайық!  деп қорытындылады Есенжан Шауданов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT