Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің ертеңі бала болашағына да үлкен мән беріліп, телефон арқылы ойын ойнаймын деп от басыудың, алаяқтардың арбауына түспеу туралы шаралардың алдын алуға арнайы тоқталған болатын.
Сол мақсатта Индер ауданына қарасты Елтай, Көктоғай, Құрылыс, Аққала ауылдарында жаңадан ойын алаңдары пайдалануға берілді.
Елтай ауылындағы М.Сиранов атындағы орта мектептің ауласынан бой көтерген ойын алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Серік Нсанбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Пайдалануға берілген спорт алаңдары алдағы уақытта ауыл жастарының спортпен шұғылдануына, жазғы маусымда мектеп оқушыларының уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.
Аталған жаңа спорт алаңдарында шағын футбол, балалар ойын алаңы және Street WorkOut алаңшасы орналасқан.
Ойын алаңдары жасанды көгалмен, жаттығу орындары арнайы жабынмен қапталып, жарық шамдары орнатылған.
Аудан әкімдігі