Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жұмысшы мамандықтары – ел болашағының тірегі

фото: ruh.kz

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы – уақыт талабына сай қабылданған маңызды шешім. Қазіргі таңда еліміздің өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларында білікті жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді. Демек бұл салада білім алып, кәсіби шеберлікке жету – жастар үшін үлкен мүмкіндік.

Жұмысшы мамандықтары – тек табыс көзі емес, ел экономикасын алға сүйрейтін басты күштердің бірі. Сондықтан жастарға бұл бағытта дұрыс бағыт-бағдар беру, тегін білім алуға жағдай жасау – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі болуы тиіс.

Менің ойымша, жұмысшы мамандықтарын меңгеру – бүгінгі заманның қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар болашақтағы тұрақты өмір мен табыстың кепілі.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT