Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жемқорлықсыз болашақ

сурет ғаламтордан алынды

Біз бүгінде Тәуелсіз елдің қойнауында бақытты өмір кешіп жатқан ұрпақтармыз. Біздің еліміз сәт сайын өркендеп, әлем халықтарының қызығушылығына ілінуде. Алайда дамыған кез келген елдің басты мәселесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бұл күрес бұрынғы кезден жалғас тауып келеді. Әрбір адам зұлымдығы мен парақорлығы жоқ қоғамда өмір сүруді армандайды.

Алайда, жер бетінде түрлі адам болғандықтан, жемқорлықтың белең алып бара жатқандығы ақиқат. Алайда, жемқорлық елдің дамуына үлкен кері әсерін тигізеді.Қолында билігі бар лауазымға ие тұлғалар өзінің қызметтерін асыра пайдаланып, өзінің жеке бас пайдасы үшін жемқорлыққа бой алдырады. Абай атамыз айтқандай: “нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек” болмаса, адам қаншалықты биік дәрежеге жеткенімен, оның мансаптағы өрлеуі биікке бармайды. Кез келген адам жемқорлыққа қарсы күресті өзінен бастауы дұрыс деп ойлаймын. Себебі, әр адам биікке көтерілу жолында қалтадағы ақшаға емес, өзінің еңбекке деген қабілеттілігіне сенсе болғаны. Негізінде, біздің бабаларымыз әділетті ортада өмір сүрген. Оған дәлел, Төле би, Қазыбек билердің туралығы, әділдігі. “Тура биде туған жоқ” деген қазақ сөзі содан қалса керек-ті. Ал, енді біздер сондай шыншыл бабалардың ұрпағы бола тұра, жемқорлыққа бой алдырамыз. Менің ойымша, жемқорлыққа жаны құмар жандар сауатсыз адамдар деп білемін. Сауаты биік, құқықтық білімі бар адам жемқорлыққа жол бермесі анық. Ғасыр дертіне ұласқан жемқорлыққа қарсы күресті өзімізден бастайық. Қорыта айтқанда, біздің дамыған бақытты қоғам үшін жемқорлыққа жол жоқ. Осы дерттің әрі қарай ушықпауы үшін күш-жігерімізді салып, елімізді жемқорлықтан қорғайық. Бұл менің, сіздің ғана емес, күллі Қазақстан азаматының басты парызы екенін айтқым келеді. 

С.Салықов,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT