Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың республикалық «Ана тілі» газетінің тілшісіне берген сұхбатында қазіргі елдің көкейінде жүрген, әлеуметтік желілерге үнемі жарияланған мәселелер төңірегіндегі сұрақтарға жан-жақты ашық жауап беріпті.
«Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет. Онда азаматтардың бәрі заң алдында тең болады, заңдарды, ережелерді және нормаларды қатаң сақтай отырып, жалпыға бірдей мүмкіндіктерді толық пайдалана алады» деген жауабын аудандық кеңес мүшесі және аудандық мәслихаттың депутаты ретінде қолдай отырып, өз құзыретім шегінде Қызылқоға ауданының тұрғындарының өтініштерін заң талаптарына сүйене отырып, тиісті құзырлы органдарға былтыр қоғам белсендісі ретінде 40-тың үстінде е-өтініш арқылы мәселе көтеріппін. Яғни, бүгінгі әлем бойынша 24 орынды иеленіп, отырған еліміздің е-gov порталының мүмкіндіктері арқылы тиісті органдарға ауыл тұрғындарының жан-айқайын жеткізу Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында мүмкін болды деп есептеймін. Қорыта айтқанда, әлемдік саясаттың ұңғыл шұңғылын зерделей білетін сардар, тәжірибелі дипломат Қасым-Жомарт Кемелұлының Президенттігі кезінде алдына қойған мақсатының түгелге жуық орындалуына тілектеспін.
Есенбай СӘМЕКҰЛЫ,
аудандық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі