Атырауда коронавирус індетінен 24 адам жазылып шықты Өңірде Covid-19 індетінен жазылғандар саны 985 адамға жетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 24 адам жазылып шыққан.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 16 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін қызметкерлер, 4 Жылой ауданының, Құрманғазы ауданының тұрғыны. Сонымен қатар, Қызылқоға ауданынан 1, Атырау қаласынан 1 тұрғын қауіпті індеттен емделіп шыққан.
- Қазіргі уақытта емделіп шыққан өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, - дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 985 адамға жетті.