Қызығы мол қысқы лагерь

Жақында Миялы ауылындағы «Амангүл Жекенованың математика орталығы» балалардың қысқы демалысын қызықты өткізу мақсатында «Қысқы демалыс» лагерін ұйымдастырды.

lager2

Оған орталықтан білім алып жүрген 30 оқушы қатысты. Таңғы жаттығумен басталған лагердің алғашқы күнінен бастап үш топқа бөлінген балаларға орталықтың білікті мұғалімдері екі сағат тереңдетілген математика мен ағылшын тілі пәндерінен дәріс берді. Сондай-ақ, әр күн сайын балаларға «Керуен» сауда орталығының асханасынан таңғы және түскі астар беріліп отырды. Орталық директоры Амангүл Жекенова:

– Лагердің бірінші күнінде балалар құм анимациясымен сурет салудың қыр сырын үйренсе, екінші күні киімге сурет салып өздерін дизайн ретінде сынап көрді. Ал, үшінші күні аудан тарихымен және кітап баспаларымен танысу үшін аудандық мұражай мен кітапханаға саяхат жасады. Сондай-ақ, аудандық өрт сөндіру бекеті мен аудандық полиция бөліміне де саяхат жасап, жұмыстың қиындық, қызығымен танысып, өздерін осы мамандық иесі ретінде елестетіп көрді. Ал, лагердің соңғы күнінде «Серік» кафесінде болып, фастфуд тағамдарының жасалу жолдарымен танысты,-дейді.

Осылайша алты күнге созылған лагерь салтанатты концертпен аяқталып, онда балалар өз топтарымен дайындаған өнерлерін ортаға салып, белсенділік танытты.

Өз тілшіміз

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21