Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Туризм саласын дамыту талқыланды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәсе­ле­лер және оны түбе­гейлі цифрлық өзгеріс­тер арқылы шешу» аясында туризмді дамыту жұмы­сы­ның өзек­тен­дірілуі қарал­ды.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев орталық мемлекеттік органдар мен өңір­лердің өкілдерімен кеңес өткіз­ді. Кездесу барысында туризм­­­­­­ мәселелері мен туристік аймақ­тардың жағдайы бойынша Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру туралы есептер тыңдалды. Сонымен қатар елдің негізгі туристік дестинацияларына жасалған іссапарлардың нәти­­­же­сі ұсынылды.

Ермек Көшербаев қабыл­данып жатқан шаралардың жет­кі­ліксіз екенін атап өтіп, инфра­­құрылымды дамыту мен туристік нысандардағы көрсе­­­­ті­летін қыз­меттердің сапасын арттыру жұмысын жеделдетудің маңыздылығын ерекше көрсетті. Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын ескере отырып, алдағы жазғы маусымға курорттық аймақтарды даярлауға баса назар аударылды.

«Туризмді дамыту – бұл тек қана экономикалық үлес емес, сонымен қатар елдің халықаралық имиджін нығайтудың, инвес­тициялық тартымдылығын арт­тырудың және өңірлерді дамы­тудың маңызды факторы. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін заманауи инфрақұрылым салумен қатар, әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келетін жоғары сервис стандарттарын қалыптастыру қажет», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Үкімет туризмді ұлттық эко­но­миканың негізгі драй­вер­ле­рі­нің бірі ретінде қарастырады. Маңызды шарт ретінде шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы, сондай-ақ отандық және шетелдік туристерге қызмет көрсету ісіне халықтың кең ауқымын тарту қажеттілігі аталды.

Жиын қорытындысы бо­­йынша мемлекеттік органдарға курорттық аймақтардың абаттандыру стандарттары мен турис­­тердің қауіпсіздігін қам­­тамасыз ету, шетелдік қонақтарға паспорттық бақылау рәсімдерін жеңіл­дету, сұранысқа ие әуе бағыт­тарына халықаралық лоукос­терлерді тарту, сондай-ақ турис­тік қыз­меттердің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар басқа да шараларды жүзеге асыру тапсырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT