Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Тұрмыстық зорлық – зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті

Аудандық орталық кітапханада «Тұрмыстық зорлық – зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Қоғамда өзекті мәселеге айналған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы ішіндегі сыйластық пен сенімді нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мақсатында  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен және Ұлттық комиссияның қолдауымен 2025 жылғы 20 сәуірі мен 20 маусым аралығында елімізде «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық акциясы өткізілуде.
     Дөңгелек үстелге Қызылқоға ауданы ПБ ЖПҚБ УПИ-ы пооиция майоры Қ.Камалденов, бөлімнің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры А.Шәкірова,полиция капитаны Г.Сахиқызы, Қызылқоға аудандық орталық ауруханасының заңгері А.Шамилова және   Отбасын қолдау орталығының заңгері А.Темірғалиевалар қатысты. 
Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бүгінгі қоғам үшін өзекті әрі алаңдатарлық мәселе екенін, оған қарсы күрес тек құқық қорғау саласының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екендігі айтылды. 
 Дөңгелек үстелге келген әр сала мамандары тұрмыстық зорлық - зомбылыққа ұшыраған жандарға құқықтық және психологиялық көмек көрсету жолдары және отбасындағы кикілжіңдердің себептері мен оларды болдырмау  туралы  әйелдер мен балалардың құқықтары мен қорғалуы жөнінде кең көлемде мәліметтер беріп, тәжірибелерімен бөлісті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT