Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тұрғындарға жылу сыйлаған шебер

Адам баласының өмірінде таңдап алған мамандығы үлкен рөл атқарады. Ал сол мамандыққа адалдық танытып, бір салада табан аудармай еңбек ету – екінің бірінің қолынан келе бермейтін қасиет. Осындай еңбек адамының бірі – Исатай аудандық газ шаруашылығында шебер болып қызмет атқарып жүрген Хамитов Нұрбол Шарапұлы.

Нұрбол Шарапұлы 1997-2002 жылдары Атырау мұнай және газ институтында білім алып, инженер-механик мамандығын игерген. Оқуды тәмамдаған бойда-ақ 2002 жылдан бастап газ шаруашылығы саласына еңбек жолын бастайды. Алғашында жөндеуші болып кірген жас маман уақыт өте келе тәжірибе жинақтап, бүгінде ұжым арасында абыройлы шебер дәрежесіне дейін көтерілді.

– Газ саласы – қауіпті жұмыс. Әр қателіктің артында адамның өмірі тұрғандықтан, аса мұқият болуды талап етеді. Әсіресе қыс мезгілінде қиындық көп кездеседі. Күн-түн демей тұрғындарға барып, ақауларды жөндеуге тура келеді. Бригадамен бірге ауылдарды газбен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Кейде тұрғындардың салғырттығы да қосымша қиындық тудырады. Уақытылы ауыстырылмаған тұрба немесе басқа да техникалық бөлшектердің салдары ауыр жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан техникалық қауіпсіздік – ең бірінші орында,-дейді ол өз жұмысы туралы.

23 жыл бойы бір салада еңбек етіп келе жатқан кейіпкеріміз жас мамандардың кей пікірімен келіспейтінін айтты.

– Біздің кезімізде жалақы аз болса да, еңбегімізді адал атқаруға тырысатынбыз. Ал қазір жастар бірінші кезекте жалақыны сұрайды. Мүмкін бұл да заман талабы шығар. Бірақ адалдық пен еңбексүйгіштік қай дәуірде де басты құндылық болып қала бермек,-дейді ол.

Қызметтегі табандылығымен қатар, Нұрбол Шарапұлы– отбасында төрт ұл тәрбиелеп отырған үлгілі әке. Әрдайым жұмысына да, әкелік парызына да жауапкершілікпен қарайтын азамат ауылдастары арасында сыйлы, кәсібіне адал жан ретінде танылған.
Бір сөзбен айтқанда, еңбек жолын қарапайым жөндеушіден бастаған Нұрбол Шарапұлы бүгінгі таңда тәжірибелі шебер, елге қызмет етіп жүрген абыройлы азамат. Оның өмір жолы жас мамандарға үлгі боларлықтай.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT