Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық іс-шарасы аясында «Жасыл әлемді бірге құрайық!» атты экологиялық акция болып өтті.
Оған 4-5 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Экологиялық акция барысында оқушылар мектеп ауласындағы көшеттер мен гүлзарларды суарды. Сонымен қатар, оқушылар өз сыныптарының терезелеріне орналастырған бөлме гүлдерін оқу жылының соңына дейін бақылап, және келесі оқу жылының күзінде мектеп ауласына гүл егуді жоспарлап отыр. Бұл бастама жас жеткіншектерге табиғатқа қамқорлықпен қарауды үйретіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептің тәрбие ісінің орынбасары Шырынгүл Бақтығұлқызы гүлдерге күтім жасауды биология пәнінің мұғалімі Г.Жәниеваға тапсырды. Бұл акция оқушылардың экологиялық сана-сезімін қалыптастыруда, табиғатты қорғау жолындағы жауапкершіліктерін арттыруда маңызды қадам болды.
Өз тілшіміз
Қызылқоға