Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі заман – технология мен инновацияның қарқынды дамыған дәуірі. ХХІ ғасыр адамзат өркениетін жаңа деңгейге көтерген жасанды интеллект дәуірі ретінде тарихта қалары сөзсіз. Осы үдерістен шет қалмай, ұлттық мүдде мен заманауи даму бағытын үйлестіре отырып ілгері басу – әр мемлекеттің стратегиялық міндеті.

Осы орайда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел дамуының жаңа бағытын айқындаған маңызды саяси құжат болып отыр. Президент өз Жолдауында жасанды интеллекттің экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен білімді түбегейлі өзгертетін күшке айналғанын атап өтті. Сондықтан, Қазақстан да бұл үрдістен тыс қалмай, өз даму стратегиясын цифрлық технологиялар мен интеллектуалды жүйелерді енгізу арқылы жаңғыртуы тиіс. Мемлекет басшысы “Цифрлық даму – тек технологиялық жаңару емес, ол – қоғамның ойлау мәдениетін өзгерту” деп ерекше атап өтті. Бұл ой елдің жаңа мәдени кодын қалыптастыру, инновацияны өмір салтына айналдыру, цифрлық сауаттылықты арттыру қажеттігін көрсетеді. Қазақстанның “ақылды экономикасы” мен “ақылды қоғамы” қалыптасуы үшін, жасанды интеллектке негізделген шешімдер мемлекеттік басқару жүйесіне, білім мен денсаулық сақтау саласына, өндіріс пен ауыл шаруашылығына терең енуі қажет.

Президент бұл ретте “Интеллект арқылы реттеу орталығын” құру бастамасын ұсынды. Мұндай ортақ – шешім қабылдау деректерге сүйенетін, болашақты болжайтын, елдің стратегиялық даму бағытын нақты көрсететін интеллектуалды тетік болмақ. Адами капитал – басты құндылық. Жасанды интеллект пен цифрлық жүйелерді дамытуда ең басты ресурс – адам. Президент Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталып, “технология дамыған сайын, адами құндылық та биіктей түсуі тиіс” деді. Демек, елімізге жаңа дәуірдің талаптарына сай, шығармашыл, сындарлы ойлайтын, цифрлық сауатты ұрпақ қажет. Бұл бағытта мектеп пен жоғары оқу орындарында ІТ, робототехника, деректер талдауы, киберқауіпсіздік сияқты пәндерді күшейту міндеті қойылды. Экономикалық жаңғыру және инновациялық индустрия. Президент атап өткендей, жасанды интеллект – экономиканың барлық саласын жандандыратын қозғаушы күш. Индустрия, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларына смарт жүйелер мен автоматтандырылған өндіріс процестерін енгізу – экономикалық тиімділікті арттырып, еңбек өнімділігін еселемек.

Сонымен қатар, цифрлық теңсіздікті жою, интернет инфрақұрылымын жетілдіру және аймақтарда “ақылды қала”, “ақылды ауыл” жобаларын кеңейту – Президент Жолдауының басты әлеуметтік бағыты болып табылады. Бұл – ел ішіндегі әділдікті, қолжетімділікті және тең мүмкіндікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Қасым – Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауы – тек бағдарламалық құжат емес, елдің болашағына бағытталған стратегиялық үндеу. “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан” – бұл ұлттың жаңаша ойлау мәдениетіне, білім мен технологияны ұштастыра білу қабілетіне сүйенген жаңа даму моделі. Бүгінгі таңда Қазақстан жасанды интеллектті бейімдеп қана қоймай, оны ұлттық мүддеге қызмет ететін қуатты құралға айналдыру жолында. Бұл – келешекке сеніммен қадам басқан, ойы озық, рухы биік елдің таңдаған даңғыл жолы.

А.Нұрлыбайқызы,

Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT