«Таза Қазақстан» акциясы - еліміз үшін стратегиялық маңызы зор бастама. Бұл іс-шара тек қоқыс жинаумен шектелмейді. Ол азаматтардың ой-санасын өзгертуге, табиғатпен үйлесімде өмір сүруге үйрететін құнды мектеп. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл акция әрбір қазақстандықтың бойында отансүйгіштік сезімді, тазалыққа деген мәдениетті қалыптастырады.
Осы бастаманың арқасында Қазақстанның экологиялық болашағы жарқын болмақ. Ең бастысы, бұл - ұлттың ұлы мінезін көрсететін, болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан игі іс.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Құлсары қаласында сенбілік өткізілді. Қазақстанның тазалығы - қазақ халқының мәдениетінің көрсеткіші. Әрбір азамат өзі тұрып жатқан елді мекенде тазалықты сақтауға күш салу қажет. Аталмыш акцияға Жылыой аудандық «Ветстанция», «РемВагон» ЖШС, «КазКомСервис» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Мед-Профи колледж» ЖШС, «Атырау-Жарық» ЖШС, «Жылыойгаз» ЖШС жұмысшылары мен Өнер мектебі және «БатысТехИнвест» қызметкерлері қатысты. Олар "Мұрагер" ықшамауданы, "Кең Жылыой" ықшам ауданы, "Оңтүстік аэропорт" ықшам ауданы, Махамбет даңғылы мен Қамыскөлдің айналасындағы қоқыстарды жинады. Сенбілікте 5 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, шығарылды. Мамандар мұндай сенбілік жұмыстары енді қазан айында өткізіледі деп жоспарланып отыр дейді. Айта кетейік, акция ел азаматтарының санасында тазалық пен жауапкершілік ұғымын тереңірек орнықтырып, экологиялық сауаттылықты арттырады. Әсіресе жастардың табиғатқа деген көзқарасының өзгеруі - болашаққа деген үміттің нышаны. Себебі экологиялық тәрбие - елдің болашағына инвестиция.
Айнұр Мейрамбайқызы