Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Шексіз сенімнің иесі – Асылай Ақбергенова

Асылай Ақбергенова – тағдырдың ауыр сынақтарына мойымай, еңбегі мен табандылығы арқылы өмірде өз орнын тапқан жан.

 Бүгінде ол 53 жаста. 16 жасында жол апатына түсіп, жұлын жарақаты салдарынан арбаға таңылса да, өмірге деген құлшынысын жоғалтпады. Еңбек жолын 2009 жылы «Мүгедек әлемі» қоғамында бастаған Асылай ханым инва-такси қызметінде диспетчер болып үш жыл жұмыс істеді. Кейін Атыраудағы №7 қалалық емханада тіркеу бөлімінде қызмет атқарып, бүгінде психолог-реабилитолог ретінде жүздеген адамның жаңа өмірге бейімделуіне көмек көрсетіп жүр.

– Түрлі адаммен жұмыс істеймін. Көбіне ЗПР, ЗРР, РАС диагнозындағы балалар және жарақат алған ересектер келеді. Олардың жайын жақсы түсінемін. Өйткені өзім де арбаға таңылғаннан кейін үмітсіз күй кешкенмін. Бірақ өмірімді өзгертетін жалғыз адам – өзім екенін түсіндім. Сол сәттен бастап бәрі басқаша болды, – дейді ол.

Асылай Ақбергенова спортта да биік белестерді бағындырды. Арбадағы би спортында он жыл өнер көрсетіп, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды. Халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, жүлделі орындардан көрінді. Сондай-ақ пара оқ ату спортынан да чемпиондық атаққа ие. Қайсарлығы үшін «Жаншуақ» сыйлығымен марапатталды. 2021 жылдан бері «Biz de adambyz» қоғамдық қорында психолог-логопед болып қызмет етеді. Инструктор-реабилитолог ретіндегі тәжірибесі арқылы талай жанға үміт сыйлап келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT