Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС- ОРТАҚ ПАРЫЗ

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте:

«Қоғамның басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Біз осы қоғамдық кеселді қалайда жеңуіміз керек» деген болатын. Тәуелсіз елдің іргесінің нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылдап, жүйелі жоспарлар бекітті. Осындай еселі еңбектің арқасында мемлекетіміз әлемге өзінің біртұтас, ажырамас бірлігімен танылды.

Дегенмен, жасампаз мемлекетіміздің жарқын болшағына дақ түсіріп отырған сыбайлас жемқорлық мәселесі бүгінгі қоғамның басты кеселі болып отыр. Жемқорлық еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне едәуір нұқсан келтіретін, қоғамда болып жатқан жаңа мүмкіндіктердің жүзеге асырылуын тежейтін, еліміздің халықаралық беделіне сызат түсіретіні белгілі. Жемқорлықпен күрес бүгінде мемлекеттің түйткілді мәселесі. Адам баласына жат қасиеттің алдын алу мақсатында аудан бойынша жоспарлары түрде іс-шаралар жүргізіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағыттың жүзеге асырылу жоспарына сай, ақпан айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімі аппаратының басшысымен 10 округ әкімі аппаратында, 8 дербес бөлімде және аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу кестесі бекітіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша 18 тәуекел анықталып, оларды жою бойынша шаралар қабылдау үшін ұсынымдары берілді. Жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының барлық материалдары ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің ресми сайттарына, мемлекеттік органдардың барлық әлеуметтік желі парақшаларына орналастырылып, жарияланды. Адалдық ардың ісі екендігін көрсете отырып, қоғамдық кеселге қоғам болып күш біріктіріп, қызмет жасаймыз. Олай болса, жегі құртты жеңу еліміздің әрбір азаматының адалдық пен адамдық борышы.

Қанат ӘЗМҰХАНОВ,

Қызылқоға ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521