Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

САЯСИ РЕФОРМА– УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Президентіміз өзінің Жолдауында қазіргі дүние жүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басқандығын, сондықтан бұл адамзат үшін оңай болмайтындығын баса айтты. Одан бөлек     елімізді дамытудың жолында барлық салалардағы болашақта атқарылатын жұмыстар туралы кеңінен тілге тиек етті.

Ал, халық арасында кеңінен талқыланған тақырып –парламенттік реформа жасап, бір платалы Парламент құру идеясы болды. Бұл орайда, елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен екі рет референдум өткені белгілі. 2022 жылы өткен референдумға енгізілген өзгерістерге сәйкес мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылатын болды. соңғы Парламент және мәслихат депутаттарын сайлау осы жүйемен өтті. Парламент депутаттарының 30 пайызы, Облыстық мәслихат депутаттарының 50 пайызы, Аудандық мәслихат депутаттары 100 пайыз бір мандатты округтерден сайланған болатын.  Алдағы уақытта реформаларды одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстар жұреді деп жоспарлануда. Алайда, барлық енгізілетін өзгерістер президент айтқан бүкілхалықтық референдумда қабылданады. Осы орайда, ауданда өтетін референдум мен сайлаулардың әділ де, ашық өтуі жолында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бар күш-жігерін салатын болады.

Мақсот МҰҚАНОВ,

аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT