Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Президент: «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік екенін айтты.

- Қазақстан қауіпсіз ел болуы керек. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қоғамымыздың басты қағидаты саналатын болды. Осы жұмыстың аясында жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырып, күшейтеміз, онсыз Әділетті Қазақстан туралы айтудың өзі қисынсыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, соңғы бес жылда қылмыс саны және көшедегі бұзақылық едәуір азайған, қылмыстық ахуал қатаң бақылауға алынды.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары азаюда, еліміздің бұл мәселеге қатысты тәжірибесіне шетелдік сарапшылардың ықыласы күшейді. Түптеп келгенде, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік, - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы өскелең ұрпақ үшін жасалған үлкен қадам екенін жеткізді.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-zan-men-tartp-tuzhirimdamasi-elmzdn-zharkin-bolashagin-kuru-ushn-asa-manizdi-tetk-af0137/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT