Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ПОШТА ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНУЫ ҚАЖЕТ

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамытуға арналған негізгі міндеттерге арнайы тоқталды. Мемлекет басшысы  өз сөзінде ауылдық жерде инфрақұрылымды жаңғыртуға және бизнесті қолдауға басымдық берілуін тілге тиек етіп, ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» және тағы басқа мемлекеттік бағдарламаларды  біріктіру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Президент «Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керек. Қазір бұл міндет, негізінен, «Қазпошта» арқылы орындалып жатыр» деп Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Жасыратыны жоқ қазіргі таңда пошта қызметінің сапасы көңіл көншіте бер­мейді. «Қазпошта» бөлімшелерінде газет-журнал тарататын пошташы жетіспейді. Жалақының аздығынан бұл жұмысқа орналасуға ешкім құлшына бермейді. Пошташының жетіспеуінен ауылдарда, алыс елді мекендерде  газет-журналдың жеткізілуінде іркіліс көп. Тіпті кейбір округте оператор да жоқ. Сондықтан Президенттің «Қазпошта» қызметінің сапасын арттыру бағытында берілген тапсырмасы өте орынды. Ендеше, ауыл халқы пошта қызметінен қол үзбеу үшін берілген тапсырма сөзбұйдаға салынбай орындалуы тиі.

Сайлаубек ТЕМІРҒАЛИЕВ,

аудандық мәслихат депутаты

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT