«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ» атты республикалық патриоттық байқауына үлгілі отбасы өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Байқауға отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен қатыса алады. Іс-шараның мақсаты: Қоғамдағы үлгілі отбасы институтының жаңа имиджін насихаттау; Дәстүрлі отбасы құндылықтарының өнегелі үлгісін дәріптеу; Жаңа Қазақстандық отбасы мәртебесін арттыру.
Байқаудың шарттары: Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша отбасы жайлы жазылған 1,5 беттен артық емес мәлімет (егер бар болса отбасы мүшесінің еңбектегі, спорттық, шығармашылық жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін) жіберуі керек. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен 6 данадан аспауы керек) Отбасы туралы бейнеролик (ұзақтығы 2 немесе 3 минут таныстыру).
Құжаттар
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға, байқау жеңімпаздарына жіберіледі. Қорытынды конференцияда байқау жеңімпаздарын елімізге еңбегі сіңген тұлғалар «Өнегелі отбасы» төсбелгісімен, дипломдармен, қаржылай жəне бағалы сыйлықтармен марапаттайды. Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/ Электронды почта: