Қазақстан Призиденті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған Жолдауында әлемдік энергия тапшылығына назар аудара отырып, жаңартылатын және экологиялық таза энергия көздері қажет екенін атап өтті.
Президент қоғамда бір жыл бойы талқыланып жатқан атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдумды өткізу күнін белгіледі. Бұл референдум «Халық үніне құлақ асатын мемілекет» тұжырымдамасының және Әділетті Қазақстан идеясының жүзеге асырылып жатқанының тағы бір айқын дәлелі болмақ.
Осы орайда жалпыұлттық референдумды өткізуді ұйымдастыратын аудандық комиссияның төрағасы Болат БРАЛИЕВТЕН түсінік беруді сұрағанбыз.
- Болат Мұханбетжанұлы, оқырмандарға жалпыхалықтық референдум дегенді қысқаша түсіндіріп өтсеңіз?
- Референдум сөзі латын тілінен аударғанда хабарлануға тиісті нәрсе дегенді білдіреді. Бұл ретте мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтың дауысыны салу болып отыр. Осындай демократиялық институт үрдісі әлемнің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда референдум өткізу туралы шешімді ел Президенті ғана қабылдайды. Оған 18 жасқа толған азаматтар қатвса алады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы референдум 1995 жылы Ата заңымызды қабылдау кезінде болды. Екіншісі өздеріңізге белгілі 2022 жылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтті. Сол кезде республика халқы өте ұйымшылдық танытты. Біз тағы да үлкен таңдау алдында тұрмыз. Атом стациясын салу бойынша 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді. Осындай маңызды ақпараттарды білген ел азаматтары белсенділік танытып, алдағы республикалық референдумда өз таңдауларын дұрыс жасайды деп үміттенемін.
- Бұл маңызды науққанға дайындық барысы қандай деңгейде?
- Республикалық референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сйлау коммиссиялары референдум комиссияларының функцияларын орындайды және референдумды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады. Құрманғазы ауданы бойынша 1 аумақтық референдум комиссиясы 7 комиссия мүшесі және 36 учаскелік референдум комиссиясы 226 комиссия мүшесі бар. Учаскелікреферендум комиссияларының 21 – і мектеп ғимаратында, 12 – сі мәдениет үйінде, үшеуі балабақша ғимаратында орналасқан. Күні бүгін ауданның 19 ауылдық округтері бойынша референдумға қатысуға құқығы бар 34371 азаматтар тізімі нақтыланды. Оның ішінде, референдумға қатысуға құқығы бар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жалпы саны – 620, оның ішінде кресло – арбаны пайдаланатындар – 59, зағыптар және нашар көретіндер - 439, саңыраулар мен саңырау-мылқаулар - 122. Аудан бойынша референдум учаскесінде дауыс беруге арналған үй–жайды, дауыс дауыс беруге арналған пунктті жарақтандыру кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, референдум учаскелерінің барлығы бірінші қабатта орналасқан, ғимаратқа кіреберісте пандустар бар және референдум учаскелері тексерілген кезде құрылыс нормалары мен ережесіне сай екені көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бұрыш жасақталып, компьютер, сондай – ақ зағиптар, нашар көретіндер мен нашар еститіндер үшін арнайы құлаққаптар, үстелі бар жасырын дауыс беруге арналған кабина, қосымша жарақтандыру құралдары және өзге де жабдықтармен мерзімінде қамтамасыз етіледі. Одан бөлек референдум учаскелерінде автокөлікке арналған тұрақтар бар және дауыс беру күні арнайы мекемеден үш инватаксимен референдум комиссияларына жәрдем көрсетіледі.
- Референдумға қатысу үшін тағы нелерді ескеру керек?
- Референдумға қатысуға құқығы бар азамат өзінің болатын жерін ауыстырған кезде 2024 жылғы 20 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 5 қазандағы сағат 18–ге дейін тіркелген жері бойынша учаскелік комиссияға жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, есептен шығу куәлігін алуға өтінішпен жүгіну мүмкіндігіне ие. Жекелеген референдум қатысушылары дауыс беруге денсаулығына, іссапарда болуына, басқа да себептермен келе алмаған жағдайда учаскелік комиссия референдум қатысушыларының 6 қазанда сағат он екіден кешіктірілмей беріле алатын жазбаша өтініші бойынша олардың болатын жерінде дауыс беруді ұйымдастырады. Жалпы референдумның ашық, жариялы өтуі және үгіт–насихат қызметінің құқықтық реттелуі, байқаушылардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуы да заңда көзделген. Ағымдағы жылдың 23–24 қыркүйек күндері ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесіп референдум комиссияларының төрағалары, төрағаның орынбасары, хатшы, бір мүшелері мен аумақтық референдум комиссиясының 7 мүшесі, барлығы 151 комиссия мүшелері үшін оқыту ұйымдастырылады. Комиссия мүшелерінің 186 мүшесінің республикалық референдум өткізуде тәжірибелері бар.
- Маңызды ақпараттармен бөліскеніңізге көп-көп рахмет. Саяси науқанды сәтті өткізулеріңізге тілектеспіз.
- «Серпер» ұжымына да ризашылығымыз шексіз. Алдағы уақытта да бірлескен жұмысымыз болсын.
Сұхбаттасқан Айбек НӘЖІМОВ