Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сот шешімін орындамаған дара кәсіпкер әкімшілік жазаға тартылды

Сот орындаушының 2023 жылғы қарашадағы қаулысымен дара кәсіпкер А.-ға атқарушылық іс жүргізу қозғалған.    

Себебі, дара кәсіпкер А. мемлекет пайдасына 1 380 000 тенге мемлекеттік грантты және 41 400 тенге мемлекеттік баж алымы өндірілген 2023 жылғы Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімін орындамаған. Ол бойынша Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  669-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында дара кәсіпкер А. кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, өзінің отбасылық жағдайын алға тартты. Сот қаулысымен, дара кәсіпкер А. Аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 77 532 тенге әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT