Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ ШЕБЕРІ

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА ЕҢ АЛДЫМЕН ҚАЖЕТТІ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ – КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ. БҰЛ БАҒЫТТА ИНДЕР КӨПБЕЙІНДІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНА ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТ ОРАСАН ЗОР ЕКЕНІ АЙТПАСА ДА ТҮСІНІКТІ. ШЕБЕР МАМАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ТАУДАЕВ ҚАЙЫРҒАЛИ САЛАХАДИНҰЛЫН ДА АТАП ӨТУГЕ БОЛАДЫ.

Аталмыш оқу орнына қашан бас сұқсақ та өзге әріптестері секілді студенттерге дәріс оқып қана қоймай, әрбір автобөлшектердің орналасу тәртібін, ауыр техниканы от алдыру, қызмет барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау секілді қым-қуыт жұмыстарды өз студенттеріне түсіндіріп жатқанына сан мәрте куә болғанбыз. Аталмыш оқу орнында топ шебері болып жұмыс істей бастағанына ширек ғасырға жуық уақыт болған Қайырғали Салахадинұлы 1962 жылы 1 қазанда көршілес Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ау даны, Базаршолан ауылында дүниеге келген. Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Ауыл шаруашылығын меха никаландыру» мамандығы бой ынша өндірістік оқыту шебері, арнаулы пән оқытушысы болып орналасып, содан бері қарай жүздеген түлекті қанаттандырды.

 – Уақыт ағымына сай оқу процесіне қажетті технологи яларды жаңғыртып отыру ке рек. Бұл тұрғыда мемлекет та рапынан тиісінше қолдаулар да көрсетіліп келеді. Айталық, за манауи оқыту сабақтарына кел ген агрегаттар мен тракторлар: жартылай кесілген МТЗ 80 трак торы, TAI HONG TH1404 трак торы, LOUTONG тракторы, ак мулятор батареясын қуаттағыш қондырғысы алынып беріліп, қол жұмысын жеңілдетуге жол ашы лып отыр, – дейді ол.

Жанұясында Тойған Сағынғалиқызы екеуі бір қыз, үш ұл өсіріп, олардан немере жиен сүйіп отырған жарасымды шаңырақ иесі.

С.Ұзаққалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT