Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Лудомания – қоғамға төнген жасырын қауіп

Лудомания – құмар ойындарға тәуелділік, қазіргі қоғамда кеңінен таралып келе жатқан әлеуметтік дерттердің бірі.

Бұл жай ғана әуестік емес, адамның психологиялық жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына және әлеуметтік жауапкершілігіне кері әсер ететін күрделі тәуелділік түрі. Құмар ойынға тәуел болған адам уақыт өте келе өзін-өзі бақылаудан айырылады. Алғашында қызығушылық ретінде басталған ойын кейін қаржылық қиындықтарға, қарызға батуға, жұмысынан және отбасынан алыстауға әкеледі. Лудомания адамның санасын билеп, болашағына балта шабады.

Ең қауіптісі – бұл дерт жас ерекшелігін таңдамайды, жастар арасында да жиі кездесіп отыр. Бүгінде онлайн-казино мен букмекерлік кеңселердің қолжетімділігі тәуелділіктің тез таралуына себеп болуда. Телефон арқылы кез келген уақытта ойын ойнау мүмкіндігі адамды оңай арбауына түсіреді. Сондықтан лудоманиямен күрес тек заңдық шектеулермен ғана емес, ең алдымен, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен, отбасы мен қоғамның жауапкершілігін арттырумен жүзеге асуы тиіс.

 Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT