1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Атырау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің әскери оркестрі қарттар үйінде қайырымдылық концертін ұйымдастырды.
Музыканттар қазыналы қарттарға арнап патриоттық шығармалар мен халық әндерін орындап, жанды дауыстағы әсерлі әуендерімен тыңдаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсем сазға бөленген ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, сарбаздарға ақ баталарын жаудырды. Бұл игі шара – қарттарға деген құрмет пен ілтипаттың айқын көрінісі. Қарттар күні аясында өткен концерт ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастардың үлкенге деген ықыласы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін паш етті.
ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі