Әлемде коронавируске 8 миллионнан астам адам шалдықты

ҚазАқпарат – Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8 миллионнан асты. Бұл туралы ҚазАқпарат Америкадағы Джон Хопкинс университетінің ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

Университет мәліметтерінше, әлемде індет жұқтырғандардың жалпы саны қазіргі кезде 8 018 742 адамға жеткен.

Оның ішінде жазылып шыққандар саны – 3 816 550. Көз жұмды – 436 406 науқас.

Індет жұқтыру саны бойынша АҚШ көш бастап тұр.

Бүгінде онда COVID-19-ға 2 113 901 адам шалдықты.

Қайтыс болғандар саны 116 мың адамнан асты.

Екінші орында Бразилия тұр. Онда коронавирусты жұқтырудың 888 271 оқиғасы тіркелді.

Бұл ел сондай-ақ, індеттен көз жұмғандар саны жағынан да екінші орында (43 959 адам). Тізімнің үшінші орнында Ресей елі орналасқан. Онда коронавируске 536 484 адам шалдықты.

Айта кету керек, Солтүстік және Оңтүстік Америка, сондай-ақ Еуропа елдерімен салыстырғанда Ресейде коронавирустен қайтыс болғандар саны айтарлықтай аз – 7 081.

http://coronavirus2020

 

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика