Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында коронавирустан бір адам көз жұмды

Атырау облысы, Жылыой ауданында 1972 жылғы науқас 15 маусымда көз жұмды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, марқұм 13 маусымда дене қызуының көтерілуі, тыныс алуы қиындығы мен аздаған жөтелге шағымданып, Жылыой ауруханасының провизорлық бөліміне жедел жәрдем арқылы жеткізілген.

КТ сараптамасы жасалған соң, өкпесінің 50 %-ның қабынуы анықталған. Жағдайының ауырлығына байланысты инфекциялық аурухананың бокс палатасына аударылып, көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, Облыстық аурухана мамандарымен кеңесе отырып, жасанды өкпе желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер тарапынан жасалған көмек деңгейіне қарамастан, науқас 15 маусым күні қайтыс болды.

Бұған дейін денсаулығына байланысты есепте тұрмаған.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз