Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Көліктегі құқықбұзушылықтар адам өміріне қауіпті»

Қызылқоға аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында аудандық сот ғимаратында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау жұмыстарын жалғастыру, әкімшілік істердің жекелеген санаттар бойынша кейбір өзекті мәселелерді талқылау мақсатында «Көліктегі құқықбұзушылықтар адам өміріне қауіпті» тақырыбында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарды аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Е.Байназаров ашып, биылғы жылдан бастап әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ол жөнінде жылдың басында құқық қорғау органдарының қатысуымен арнайы іс-шаралар өткізіліп, жол көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болып, денсаулығы нашарлағандар деңгейінің артып отырғанын, бұл тұрғыда көліктегі құқықбұзушылықтардың адам өміріне қауіпті екенін атап өтті.

Сондай-ақ, көлік жүргізушілердің тарапынан кеткен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері бақылауды күшейту, заңнама талаптарын қатаң сақтау, көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғалардың қайталап құқықбұзушылық жасау жолдарын кесу, осы бағыттағы жұмыстар бойынша талапты күшейту қажеттігі жөнінде айтып, ол бойынша жол көлік оқиғасына, алкагольдік масаң күйде көлік жүргізу санаттары бойынша сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Осы орайда, семинарға қатысушылар да, алкагольдік масаң күйде көлік жүргізушілерді тізгіндеп, апаттың, басқа да көліктегі құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығын айтып, бүгінгі күн тәртібіне сай туындаған мәселелер бойынша өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Семинар барысында, күн тәртібіне сай қозғалған мәселе бойынша қойған сауалдарға жауап беріліп, әкімшілік заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша кеңінен талқылау жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521