Қызылқоға ауданында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Қызылқоға ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 19-26 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жолда жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды, оның ішінде көлік құралын мас күйде басқару, жылдамдықты асыру, басып озу, қарама-қарсы жүру, маневрлеу, жолаушыларды және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін тексеруде. Осы ретте, полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын болдырмас үшін жолдағы қауіпсіздікті сақтауды ескертеді.