Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Келешек мектептері»: Атырауда ерекше балаларға ерекше жағдай жасалған

Атыраудағы №46 мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға қолдау қалай ұйымдастырылған? Біз бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Ләззат Еділханқызынан білдік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бүгінгі таңда Қазақстан мектептерінде инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп, ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) балаларға тең білім алу мүмкіндігін жасауға нақты қадамдар жасалуда. Осы бағытта «Келешек мектептері» жобасы аясында жұмыс істеп жатқан Атырау қаласындағы №46 жалпы орта білім беретін мектепте де жүйелі жұмыс қолға алынған.

Мектепте ЕБҚ балалардың оқу үдерісіне бейімделуі, әлеуметтенуі мен жеке дамуы үшін арнайы жағдайлар жасалған. Мұнда тек білім беру емес, оқушының психологиялық жай-күйі мен әлеуметтік ортаға бейімделуі де басты назарда.

Арнайы білім беру жағдайлары

Мектепте инклюзия кабинеті және сенсорлық бөлмелер жұмыс істейді. Бұл — баланың тынығуына, эмоциялық реттелуіне, зейінін шоғырландыруына көмектесетін маңызды орталықтар. Сонымен қатар, ЕБҚ оқушыларға жеке оқу бағдарламалары (ЖОБ) құрастырылады, яғни олардың оқу жүктемесі мүмкіндігіне сай икемделеді.

Мамандардың кәсіби қолдауы

Білім алушылармен дефектолог, логопед, психолог және әлеуметтік педагог тұрақты жұмыс жасайды. Олар әр баланың ерекшелігіне сай жоспар құрып, жеке бағытта қолдау көрсетеді. Ал ассистент-педагог оқушының күнделікті оқу процесіне қатысуын жеңілдетіп, тапсырмаларды орындауға көмектеседі.

Физикалық және оқу ортасы

Мектепте инклюзия қағидатына сай арнайы жабдықталған сыныптар, пандустар, лифттер, бейімделген парталар бар. Оқу материалдары ірі қаріппен, тактильді құралдармен, сондай-ақ аудио-видео форматта да ұсынылады. Бұл көру немесе есту қабілетінде ерекшелігі бар балалар үшін өте маңызды.

Оқыту әдістері мен тәсілдері

Мұғалімдер дифференциалды және жеке оқыту әдістерін қолданады. Тақырыптар түсінікті, бейімделген тілде түсіндіріліп, визуалды құралдармен бекітіледі. Бұл тәсілдер баланың оқу материалын жақсы қабылдауына жол ашады.

Қоғаммен және ата-анамен байланыс

ЕБҚ балалардың құрдастарымен тең дәрежеде араласуына жағдай жасалады. Мектепте оқушылар арасында толеранттылық, өзара құрмет мәдениеті қалыптасқан. Сонымен қатар, ата-аналармен тығыз байланыс орнатылған. Жеке кеңес беруоқу процесіне ата-ананы тарту және кері байланыс жүйесі — бұл мектеп жұмысының ажырамас бөлігіне айналған.

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі – басты тірек

Мектеп жанындағы Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі (ППҚҚ) — инклюзивті білім берудің негізгі тірегі. Бұл қызмет ЕБҚ балаларға білім берумен қатар, эмоциялық қолдауәлеуметтік бейімдеуарнайы әдістемелік көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыс атқарады.

Инклюзия – тек білім беру емес, үлкен мәдениет. Атыраудағы №46 мектеп бұл қағиданы нақты іспен дәлелдеп отыр. Ерекше балалардың сапалы білім алып, қоғамда өз орнын табуына осындай мектептер негіз болары анық. Себебі әр бала – қайталанбас тұлға, ал оны тану мен дамыту – бүгінгі ұстаздардың басты міндеті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT