Атырау қаласында 1 сәуірде басталған ағаштарды дезинфекциялау жұмыстары қарқынды түрде іске асуда. Бас мердігер –
«Каспийдормостострой» мекемесі, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инпекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы Ербол Айткалиевтің мәліметінше, бұл жұмыстар үшін қаланың әртүрлі аймақтарына 20 техника және 40 шақты адам жұмылдырылған.
- Оның ішінде төрт трактор, сонымен қатар аумақтарды тазалауға және тұрғын үйлердің ішін өңдеу үшін арнайы ПИК жұмысшылары да қосылды. Одан бөлек құрт-құмырсқаға қарсы дәрілердің ең тиімдісін, нақтырақ айтқанда «Актара» және «Детис» препараттарын қолдану арқылы тұрғын үйлер мен қоғамдық орындардағы зиянды жәндіктермен күрес жүргізілуде,- деді ол.
Бас маман тұрғындарға кешкілік уақытта терезені ашық қалдырмай, барынша мұқият болу керегін ескертті. Бұл жұмыстар күзге дейін жалғаспақ.