Жамбыл ауылдық округіндегі Қаракөл мәдениет үйінде Жамбыл ауылдық округі әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Шебердің қолы-көпке ортақ...» деген тақырыпта шеберлік сағаты және көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды.
Он саусағынан өнер тамған ауылдағы шебер қыз-келіншектердің өнерін көпшілікке танытып, жастарды кәсіп етуге шақыру, жұмыссыз жастарды еңбекке тарту мақсатын көздеген шараға ауылдағы ардақты аналар мен қыз-келіншектер, жастар шақырылып, үлкен-кішіге үлгі боларлық маңызы зор шараға айналды. Алдымен, қатынасушылар аспаздар мен тігіншілер болып бөлініп, шеберлік сағаттарын өткізді. Екінші бөлімде өздерінің қолынан шыққан өнімдерін жәрмеңкеде қолжетімді бағамен сатты. Шара барысында, қатынасушыларға кофе-брейк ұсынылып, концерттік бағдарламалар қойылды.
Зайда СУАТОВА,
Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы