Өңірлік кадр резервінің мүшесі Әліпқалиева Аксана Әліпқалиқызы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз қабылданды. Аксана Әліпқалиқызы 2011 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бас маманы қызметін атқарған.
Айта кету қажет, өңірлерді дамытуға жастарды тарту, жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған резервке өңір бойынша 25 адам алынды. Резервшілер жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімі негізінде тікелей тағайындала алады.