Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҒАЛАМТОР ГАЗЕТТІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ЖЕТПЕЙДІ

Ауданымыздың тыныс-тіршілігін бұқара халыққа жеткізіп қана қоймай, миллиондаған ұрпақтың тәрбиелі де тәлімді болып өсуіне, рухани бай болып қалыптасуына ерекше үлесін қосып келе жатқан басылым, ол – «Қызылқоға» газеті.

Қазіргі таңда көптеген адамнан «Газетке не үшін жазыламыз?», «Бәрі әлеуметтік желіде бар ғой» дейтін әңгімелерді жиі естіп жатамыз. Бұл қате. Өйткені, газеттің берер тәлімін, рухани байлығын, қазақи әдемі сөз өрнектерін әлеуметтік желі бере алмайды. Әлеуметтік желіде ой-пікірлер асығыстықтан үстірт айтылуы мүмкін. Бұл тіл мәдениетіне нұқсан келтіреді. Ал газет осы уақытқа дейін сол тіл мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, оны жетілдіріп келеді. Газетті өз басым жақсы оқимын. Газет –журналдардан хабарымыз болмаса, кәсіптің қыр-сырын ұқпас едік. Газет - кешегі мен бүгінгінің айнасы және заңдық күші бар құжат. Аудандық газеттің «Тарих», «Аудан тынысы», «Ақпараттар ағыны», «Сәті түскен сұхбат», «Сараптама» секілді айдарлармен берілетін мақалаларды отбасымызбен сүйсіне оқып, талдап отырамыз. Тағылымы мен мәні зор мақалалар жас ұрпаққа өз өлкесінің тарихын білуіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Ендеше, сенімді әрі шынайы ақпаратты алу үшін, елінің және өзінің тағдырына бейжай қарамайтын ойлы оқырман газетке жазылудан қалыс қалмасы анық.

Нұрбану МҰҚАНОВА,

«Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар

бақшасының әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз