Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Есірткі қылмысының алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өтті

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева Атырау индустриалдық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау. Кездесу барысында Марьяна Джангалиева студенттерге есірткі қолданудың салдары, құқықтық жауапкершілік және оның болашақ өмірге тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар, нақты өмірден алынған мысалдар келтіріліп, жастарды теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды. Мұндай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді. Атырау облысы полиция департаменті тарапынан осындай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп отырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT