«Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық салаларын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс», деді О.Бектенов.
Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды. Тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Осы жылдың 15 қарашасына дейін денсаулық сақтау саласының басым бағыттарына НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізе отырып, отандық стартаптардың шешімдерін енгізуді қамтамасыз ету ләзім. Сондай-ақ осы жылдың 20 желтоқсанына дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені «Qaztech» базасындағы интеграцияланған 2 платформаға біріктіру керек.
Сонымен қатар осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап электр және жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллекті технологияларын енгізу қажет. Бұлармен бірге биыл 20 желтоқсанға дейін елдің отын-энергетикалық кешенінде Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.
Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласында НҚА-ға өзгерістер енгізу негізінде ЖИ дамитын болады. Бұл медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобаларды енгізуге себепші болады. Мәселен, дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент, онкологиялық және тағы да басқа ауруларды ерте анықтау бойынша функционал іске қосылмақ.
Осы жылдың соңына дейін 7 ақпараттық жүйе 2-ге біріктіріледі. Осындай жұмыспен салада жұмыс істеп тұрған барлық 30 АЖ қамтылады. Осылайша, бірін-бірі қайталайтын жүйелер шоғырландырылады. Бұл шара медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүктемесін азайтады.
Энергетика саласына жасанды интеллекті технологияларын енгізу, электр және жылу желілерін диагностикалау үшін дрондарды пайдалану ақауларды дәл анықтай отырып, объектілерді қысқа мерзімде толық тексеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қалалық инфрақұрылымды тексеру үшін құбырлардың бойымен қозғалуға қажетті датчиктермен жабықталған арнайы құрылғыларды пайдалану мен инфрақұрылымның қазіргі жағдайын ішкі жағынан тексеру жоспарланып жатыр. Бұл шаралар мониторингке, уақтылы ден қоюға, ақаулардың бірыңғай базасын және сыни дәрежелерге бөлінген жөндеу жоспарларын қалыптастыруға бағытталған. Жасанды интеллектіні енгізу еңбек шығынын азайтады, энергиямен тұрақты жабдықтауға әрі жылыту маусымының ойдағыдай өтуіне ықпал етеді.
Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын құру энергетикалық жүйенің киберқауіпсіздік саласындағы шараларын күшейте түседі. Орталық мамандары саланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның ерекшелігін ескере отырып, энергетикалық объектілерге қойылатын жаңа талаптарды әзірлейді.