Президент Жолдауында жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» – еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға, техникалық және кәсіптік білімге деген сұранысты күшейтуге бағытталған аса маңызды бастама. Бұл шешім – қарапайым еңбек адамдарын қолдау мен оларды қоғамда лайықты бағалауға жасалған нақты қадам.
Қазіргі таңда заманауи экономика жоғары білікті жұмысшы күшін қажет етеді. Дәнекерлеуші, электрик, құрылысшы, механик, технолог сияқты мамандықтар – тек физикалық еңбек емес, өз ісінің шебері болуды, техника мен технологияны меңгеруді талап етеді. Сондықтан жұмысшы мамандықтарын оқыту бағдарламаларын жаңғырту, оларды әлеуметтік тұрғыда қолдау, еңбекақысын көтеру – басты міндеттердің қатарында.
Бұл жыл жастарға кәсіптік білім алуға ынталандырушы болады. Қолөнер мен техникалық кәсіптерге құрмет артып, еңбек адамының мәртебесі көтеріледі. Ең бастысы – бұл бастама еліміздің өндіріс саласын күшейтіп, экономиканың нақты секторын дамытуға жол ашады.
К.ҚҰРМАНҒАЗИЕВА
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 