Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл халқының әл-ауқатын арттырудың басты тетігі.
Президент Жолдауында бұл салаға ерекше назар аударылуы – ауылдың әлеуетін көтеруге бағытталған нақты қадам. Су ресурстарын тиімді пайдалану, цифрландыру, фермерлерді қолдау және экологиялық таза өнім өндіру – агросектордың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығын заманауи, өнімді әрі бәсекеге қабілетті салаға айналдыруға негіз болады.
Қайырғали БАЗАРБАЕВ, зейнеткер



