Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялауы өте маңызды және өзекті қадамдардың бірі деп ойлаймын. Бұл бастама еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін арттыруға, олардың беделін көтеруге және жастарды техникалық білім мен кәсіби дағдыларға тартуға бағытталған. Сондай-ақ мамандықтардың маңызы соңғы жылдары қайта танылуда, себебі олар экономика мен өндірістің негізін қалайды.
Бұл жыл, әсіресе, жастардың заманауи мамандықтарға қызығушылығын арттыруда маңызды болып тұр. Оларға технологиялар мен кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру маңызды. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы сұранысқа сай кәсіби біліктілікті арттыру, түрлі мамандықтар бойынша арнайы оқыту бағдарламаларын кеңейту де басты міндет болуы тиіс. Жұмысшы мамандықтарының дамуына көп көңіл бөлініп, осы саладағы еңбек жағдайлары, қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік кепілдіктер жақсарса, бұл қоғамның жалпы дамуына да оң әсер етеді. Және бұл бастама жұмысшылардың құқықтарын қорғау, олардың жалақысын көтеру және мәртебесін арттыруға да ықпал етуі мүмкін.
Берік Бегалиев,
Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің оқытушысы