Республика күнін Атырау қаласындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері де атап өтті.
Бүгін «Довира» украин этно-мәдени бірлестігі аталған орталықта мерекелік концерт пен қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Республика күні мерекесі аясында біз осында келдік. Жалпы бұл мекемеге біз жиі бас сұғып тұрамыз. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық, концерт қойдық. Мұнда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20-дан астам бала бар. Басты мақсатымыз — көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созу. Осындай ауқымды мерекеде оларды ұмытпау- парызымыз. Біз бірнеше жылдан бері тек бұл мекеме ғана емес, қарттар үйінде, егде жастағы тұрғындарды бейімдеу орталығына да жиі барамыз. Айтулы мерекеде барша қазақстандыққа ашық аспан, бейбіт өмір тілеймін. Біздің күшіміз -бірлікте. Балалар -болашағымыз, — дейді «Довира» украин этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Виктория Синицина.
Айбөпе САБЫРОВА



