Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда Республика күніне арналған концерт пен инновациялық жобалар көрмесі өтті

Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында Республика күніне орай салтанатты концерт ұйымдастырылды. Шара аясында театр фойесінде атыраулық жастардың ғылыми-техникалық жобаларының көрмесі өтті.

Көрмеде **JasUp** жобасының қатысушылары, студенттер, оқушылар мен ұстаздар өздерінің инновациялық идеялары мен әзірлемелерін таныстырды. Экология, цифрландыру және заманауи технология бағыттарындағы жобалар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды:

1. Поликлиникаға арналған интеллектуалды электронды кезек жүйесі

2. Қалалық жол қозғалысы мен коммуналдық техниканы басқаруға арналған жасанды интеллект жүйесі

3. Геометриялық фигураларды модельдеу және оның AR (Augmented Reality) нұсқасын жасау бағдарламасы

4. Заманауи музыка, дизайн, 3D-модельдеу және геймдизайн саласындағы шығармашылық жоба

5. Жайық өзенін пластикалық қалдықтан тазартуға арналған қондырғы

6. Биологиялық тұрғыда ыдырайтын пластик өндіруді автоматтандыру жобасы

7. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын цифрлық түрлендіруге арналған мультимодальды жүйе

8. Жасанды интеллект негізінде клиенттің төлем қабілетін бағалау жүйесі

9. Жапондық сумо күресін имитациялайтын мобильді спорттық роботтар

10. Интернетке қосылған, телефон арқылы қашықтан басқарылатын «ақылды үй» жүйесі Бұл шара өңір жастарының ғылыми және шығармашылық әлеуетін танытқан, өнер мен технологияны тоғыстырған ерекше алаңға айналды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT