Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жәрмеңкеде мейірім мен бірлік ұлықталды

Мұнайлы өлкеде Республика күні мерекесіне орай «Атырау Рауан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Көрме орталығында өткен ауқымды шараға 30-дан астам демеуші-кәсіпкер қатысты. Ізгілік пен елдік рухты ұштастырған шараның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсету, сондай-ақ қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру. Жәрмеңкеде түрлі қолданбалы бұйымдар, тәтті тағамдар мен қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Шараға еріктілер, қала тұрғындары мен кәсіпкерлер белсене атсалысып, өз үлестерін қосты.

 – Республика күні – елдің бірлігі мен ынтымағын айшықтайтын мереке. Бұл күнді игі істермен атап өту – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Жиналған қаражаттың барлығы мұқтаж отбасыларға және балалар үйіне бағытталады, – дейді «Атырау Рауан» қоғамдық қорының төрағасы Әди Жоламанұлы.

Қайырымдылық шарасы мереке рухын арттырып қана қоймай, қоғамдағы өзара қолдау мен мейірімділіктің айқын көрінісіне айналды.

-Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын! Қордың үлкен жәрмеңкесіне қош келдіңіздер! «Атырау Рауан» қоғамдық бірлестігі ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Әсіресе, «Саналы ұрпақ» жобасы арқылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан 130 бала «Достық» оқу орталығынан ҰБТ-ға дайындалып, бүгінде еліміздің белгілі ЖОО-ларынан білім алуда. Енді тағы 40-қа тарта шәкірт осы оқу орталығында оқитын болады. Ол үшін қаражат демеушілердің көмегімен бөлінеді, — дейді облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Азаматтық орталықтың басшысы Жаннат Зәкиқызы.

Айбөпе САБЫРОВА Суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT